
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 24 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Жобаның міндеті Солтүстік Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.