
Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы Көкшетау облысы, Красноармейск қ. 1966 жылы 24 тамызда туды.
1990 жылы «Аль-Фараби» атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты, мәдени-ағартушылық жұмысы факультетiнiң «Мәдени-көпшiлiк жұмысының әдiсi және ұйымдастыру» мамандығы бойынша бiтiрдi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ басшысының лауазымына 2003 жылдың 2 сәуiрiнде тағайындалды. Мәдениет және ақпарат Министрлiгiнiң «Мәдениет қайраткерi» құрмет белгiсiмен, мәдениет Министрiнiң және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң мақтау қағаздарымен, «Қазақ хандығына 550-жыл» мәртебелi белгiсмен марапатталған.