GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Қоғамдық кеңес
15 октября 2026
15 қазан күні Қоғамдық кеңестің төралқа  отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 15 қазан  күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің төралқа  отырысы өтті. Кеңес отырысына төралқа мүшелері және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров «Тасқала ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешім жобасымен таныстырды.

Комиссия мүшелері бірауыздан келісім беріп,  шешім жобасы аудандық мәслихаттың сессия отырысына жолданды.

 

 

Мәслихат сессиялары
30 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті 50 –сессиясының отырысы өтті
Сессия отырысы өтті
 
А.ж.  30 қыркүйек күні Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 50 –сессиясының отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» тікелей арнасы арқылы жүргізілді. 
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Рахметуллин Рауан Бисенғалиұлы,  аудан прокуроры Унаев Алмас Маратұлы, Тасқала ауданының полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция майоры Мекин Амангелді Әділұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ибраева Әсел Аруқызы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрмуханов Асылхан Қайырлыұлы, аудандық электр торабының басшысы Юсупов Бекжан Едресұлы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Турғаналиев Ганмирлан Ғұсманұлы және үкіметтік емес ұйымдарының мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 50-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелері қаралды, олар:
1. Тасқала ауданы 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Тасқала ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау критерий туралы; 
Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз Өңір» жобасының орындалуы бойынша туралы есебі;
2. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы;
3. Тасқала аудандық электр торабы мекемесінің басшысының 2026 жылы арқарған жұмыстарының есебі туралы;
4. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы;
6. «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру 
және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 
7. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1  «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
1-ші мәселе бойынша, Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2026 жылғы 21 мамардағы №1 хаттамасын орындау мақсатында, сөз Тасқала ауданының полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция майоры А.Мекинге берілді. Жалпы, баяндамашы полиция бөлімнің атқарылған жұмыстары есебімен таныстырып, қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы 11 нысаналы индикатормен, оның ішінде қоғамдық орындардағы, көшедегі, мал ұрлығы, жол көлік оқиғалары, отбасы тұрмыстық және кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың үлес салмағын төмендету бойынша ақпарат ұсынды.
  Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз Өңір» кешенді жоспарының орындалуы бойынша есебін аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева баяндады. 
2-ші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Нұрмұханов бөлімнің 2026 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Есеп барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін атап өтті.
3- ші мәселе бойынша, Тасқала аудандық электр торабы мекеме басшысының 2026 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. 
Баяндамашы,  аудан аумағындағы электр желілерінің жай-күйі туралы айтылып, электр бағаналарының жалпы тозығы жеткені және оларды кезең-кезеңімен жаңарту қажеттігі атап өтті. 
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы ұсыныстар тыңдалды.
Мәслихат аппаратының басшысы Д. Махашева «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасымен таныстырды.
Сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ақпарат берілді.
Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті.
 
 
Қоғамдық кеңес
30 сентября 2026
Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына кеңес мүшелері, Тасқала  ауданы әкімі  аппаратының басшысы А.Ибраева, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров, Достық ауылдық округі әкімінің м.а.Ф.Мусина қатысты.
Күн тәртібіндегі  бірінші  мәселе бойынша Тасқала  ауданы әкімі  аппаратының басшысы А.Ибраева «Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала ауданы әкімінің «Тасқала ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №11 «Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен таныстырды. Комиссия мүшелері қолдап, бірауыздан келісім берді.
Келесі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуровтың  Тасқала ауданы бойынша  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және   мониторинг жүргізу  бойынша  есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері баяндаманы талқыға салып, ұсыныс пікірлерімен бөлісті. 
Күн тәртібіндегі  үшінші мәселе бойынша Достық ауылдық округі әкімінің м.а  Ф.Мусина Достық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есебін ұсынды.
Комиссия мүшелері есепті қаперге алып,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы көрсетілуін бақылауға алынып, сапалы көрсетілуі және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылуын қамтамасыз етілуі туралы айтты. 

Хабарландыру
11 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті L- сессиясын шақыру туралы

ТАСҚАЛА  АУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТЫ

№ 50 ШЕШІМІ

   Тасқала ауылы                                                                11 қыркүйек 2026 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

L- сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы негізінде және Тасқала аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         Аудандық  мәслихаттың  кезекті  L - cессиясы 2026 жылғы

22 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 1000 ге шақырылсын.

        

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:

  1. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы;
  2. Тасқала аудандық электр торабы мекемесінің басшысының 2026 жылы арқарған жұмыстары туралы;
  3. Басқа да мәселелер.

                            

        Мәслихат төрағасы                                        Ж.Бисенғалиева

 

Хабарландыру
Сайлау комиссияларын кұру туралы
04 сентября 2026
Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы

 

Тасқала аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы

 бос орындар туралы хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына (2022 жылғы 5 қарашадағы №156-VII ҚР Конституциялық заңымен енгізілген толықтыруларды ескере отырып), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі шығыс №10 хаты негізінде Тасқала аудандық мәслихаты мына сайлау комиссияларында бос орындар бары  туралы хабарлайды:

 

Округтік комиссиялар – 3 бос орын:

№1 округтік сайлау округі – 1;

№5 округтік сайлау округі – 1;

№7 округтік сайлау округі – 1.

 

 

Учаскелік комиссиялар - 5 бос орын:

№325 учаскелік сайлау комиссиясы – 1;

№337 учаскелік сайлау комиссиясы – 1;

№343 учаскеліксайлау комиссиясы – 2;

№331 учаскеліксайлау комиссиясы – 1.

 

           Осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн мерзім ішінде әрбір саяси партия сайлау комиссиясы құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Ұсынылған кандидатуралар бойынша аудандық мәслихатқа келесі құжаттар жіберіледі:

1) тиісті сайлау комиссиясы құрамына кандидатты ұсыну туралы жарғысына сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер органының, олардың құрылымдық бөлімшерінің отырыс ХАТТАМАСЫНАН көшірме;

2) әділет органдарында саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген туралы құжаттың көшірмесі;

3) нақты сайлау комиссиясын көрсетумен жұмысқа қатысуға келісу туралы кандидаттың аудандық мәслихатқа ӨТІНІШІ;

4) құжаттарды толтыру кезінде сауалнамалық деректерде қателерді жібермеу мақсатында ұсынылған кандидатуралардың өтінішіне жеке куәліктің көшірмесін қоса беруі сұралады.

         Ұсыныстар сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 206 кабинет.

          Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Махашева Динара Нұрланқызы, байланыс телефоны: 20-0-12.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аймағында тұруға тиіс.

 

Тасқала аудандық мәслихаты

 

Хабарлама 01.01.2026 күнінен бастап  қолданылады деп есептелсін

Тұрақты комиссиялар
25 августа 2026
2026 ж 24 тамыз күні тұрақты комиссия отырысы өтті
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Е.Кучербаевтың төрағалығымен көпшілік тыңдауы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Б.Рахметуллин, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.В.Тастембекова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Г.Г.Турганалиев және тұрақты комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендірудің қажеттілігі, жекешелендіруге ұсынылатын коммуналдық меншік объектілері және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендіру рәсімдерін жүргізу мәселесі қаралды.
Тасқала аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова баяндама жасап, аудан әкімінің аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді келісу туралы хаты негізінде тиісті рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу ұсынылатынын атап өтті.
Комиссия мүшелері қолдау білдіріп, көпшілік тыңдауға қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын жектізді.
Хабарландыру
27 апреля 2026
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
"Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.04.2026 - 24.04.2026
Қабылдау 1 этап: 23.04.2026- 24.04.2026
Қабылдау 2 этап: 27.04.2026
Практикалық бағалау: 28.04.2026
Анықтама телефоны: 87054104025
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі
тасқала аудандық мәслихатының аппаратының бас маманы, E-4 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аппараттың кадрлық стратегиясын әзілейді, кадр мониторингін жүргізеді,
басқа да кадрлық қызметті, соның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың
ақпараттық жүйесі арқылы іске асырады.
Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де
комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде еңбек шарты негізінде
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруіне
байланысты құжаттарды ресімдейді, дербес деректерін есепке алуды жүзеге
асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуін
ұйымдастырады
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау
курстарына уақытылы оқуын, тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады.
Қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын толтырылуын және
еңбек өтілдерін анықталуын қамтамасыз етеді
Мемлекеттік қызметшілердің, аппарат қызметкерлерінің табыс салығы
туралы декларацияларының тапсырылуына бақылау жасайды
Кадр және кадрлық іс жүргізу жұмыстарына байланысты барлық
жұмыстарын орындайды, қадағалайды, есептілігін тапсырады
Аудандық мәслихат сессиясына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына
қатысу үшін депутаттар мен шақырылғандарға хабарлауды ұйымдастырады
Сессияға бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі тұрақты комиссия қызметі туралы жыл сайынғы есептің
жобасын дайындайды.
Аудандық мәслихат депутаттарының уақытында оқуын ұйымдастырады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілік талаптарын,
лауазымдық нұсқаулықтарын жасақтайды
Берілген нұсқаулар мен тапсырмаларды уақытында шешеді.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
менеджмент, мұнай газ ісі, құқық, ақпараттық жүйелер, экономика, қаржы,
мемлекеттік және жергілікті басқару, ветеринария, агрономия, педагогикалық
ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, информатика, құқық, заң кеңесшісі,
экономист, ветеринария, менеджер, агрономия, адами ресурстарды басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Мәслихат сессиялары
24 апреля 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясын шақыру туралы
ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
№ 45 ШЕШІМ
 
Тасқала ауылы, 2026 жылғы 24 cәуір күні
Аудандық мәслихаттың кезекті
45 сессиясын шақыру туралы
 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,
сондай-ақ Тасқала ауданы әкімінің ұсынысына және
Тасқала аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес,
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
Аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясы
2026 жылғы 5 мамырда сағат 10:30-де
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткізілсін.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
 
1) 2025 жылғы аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуының жылдық есебі туралы;
2) Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 қазандағы № 12-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Басқада сұрақтар.
 
 
                                            Мәслихат төрағасы                                                     Ж. Бисенгалиева
Мәслихат сессиялары
06 апреля 2026
Кезекті №44 сессиясы өтті
Кезекті сессия отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезекті XLIV сессиясының отырысы өтті.
Сессия отырысында аудандық мәслихаттың кезекті XLIV сессиясының күн тәртібі бекітіліп, онда бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
Тасқала ауданы әкімінің есебі туралы;
Тасқала аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы;
Тасқала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Рахметуллин Рауан Бисенғалиұлы баяндама жасады. Баяндамада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер кеңінен қамтылды.
Екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы есеп беріп, мәслихаттың атқарған жұмыстары мен депутаттық қызметтің негізгі бағыттарына тоқталды.
Үшінші мәселе бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ялпакова Алия Жұмағазиевна 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, саладағы негізгі көрсеткіштер мен жүргізілген іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, ұсынылған есептерді назарға алды.
Мәслихат сессиялары
06 марта 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Ж. Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясының отырысы өтті.

Сессия отырысына аудандық ұйымдастыру-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы Сүндетқалиев Жантас Шынгелдіұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тастембекова Людмила Владимировна, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шукуров Самиголла Рахметоллаұлы қатысты.

Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясына ұсынылған мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  1. «2026–2030 жылдарға арналған Тасқала ауданының даму жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»;
  2. Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Людмила Владимировна Тастембекова баяндама жасап, ұсынылған жобаларға жан-жақты түсіндірме берді.

Ал 2–4 мәселелер бойынша аудандық ұйымдастыру-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы Жантас Шынгелдіұлы Сүндетқалиев баяндама жасады.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, тұрақты комиссия ұсынған шешім жобаларын толық қолдады. Нәтижесінде барлық ұсыныстар бір ауыздан бекітілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы