Биыл 2024 жылы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. 1994 жылдан бастап депуттардан құралған мәслихаттар атқарушы билікпен бірлесе қоғам өмірінде елеулі деген өзекті мәселелерді шешуге бағытталған көптеген бастама көтеріп, оның орындалуына ықпал етті десек, бір мақсат үшін үндескен жергілікті мәслихаттар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мәслихат – халық пен билік арасын берік жалғап, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды.
Аталмыш шараға аудан әкімі Т.Шакиров, аудан әкімінің орынбасары С.Галиева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Г.Тұрғаналиев, облыстық мәслихат депутаты Н.Жұмашев, аудандық мәслихаттың ІІІ-VІІІ шақырылым аралығындағы депутаттары, аудандық сот төрағасы, аудан прокуроры, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Шара басында жергілікті мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған арнайы бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликтен соң шара қатысушылары ІV-VІІІ аралығында төрт шақырылым бойына аудандық мәслихат депутаты болған, ауданның дамуы мен жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен, біліктілігімен және тәжірибесімен бөліскен, әрдайым мәртебесі биік, абыройы асқақ болған, күні кеше дүнеден озған Сары-Тау Жолдауұлы Аманбаевты 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Алғашқы болып аудан әкімі Т.Шакиров мәслихат депутаттарын мерейтоймен құттықтап, марапаттарды, атап айтқанда ІІІ-IV шақырылым депутаты мәслихат хатшысы болған Қ.Нұрмұхановқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасының «Құрмет грамотасымен», ІV,V,VI шақырылым депутаты мәслихат хатшысы С.Рахимовқа ҚР Парламенті Сенатының Төрағасының «Алғыс хатымен», ІV шақырылым депутаты К.Мусинге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, ІV-V шақырылым депутаттары Ә.Сәрсенбаевқа, Ж. Жамансариевқа, VIII шақырылым депутаттары О.Өтешевқа, М.Хаировқа, З.Сәрсенбаевқа Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының алғыс хаты табысталады.
Келесі болып мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиеваға құттықтау сөз сөйлеп, аудандық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттары Д.Дүйсенғалиевке, Е.Көшербаевқа БҚО «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы атынан алғыс хаттарымен және қоғамдық кеңес төрағасы Г.Тұрғаналиеве, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Шүкіровке, ауылдық округ әкімдері О.Насимуллинге, Б.Имашевке, мәслихат аппаратының мамандары Г.Ғұмароваға, Г.Проценкоға аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарын табыс етті.
Шара соңында мәслихаттың барлық депутаттарына, қатысушыларға гүл шоқтары мен шағын сыйлықтар табыс етіліп, естелік суретке түсумен жалғасты.