Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия мен кезектен тыс 30 – сессия отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;
2. Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселелер болды.
Аудандық экономика және каржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2025 жылға аудан бюджеттің кіріс бөлігі 468 733 мың теңге, соның ішінде салық түсімдер 158 430 мың теңге, трансферттер түсімдері 298 117 мың теңге туралы мәліметтерін ұсынды.
Шетелдіктер үшін түрістік жарна мөлшерлемелері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Тасқала ауданы аумағындағы холстелдерді, қонақжайларды, жаалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, оларды орналастыру орындарырында тәулігіне болу құнының – 0 (нөл) пайызы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Имангалиев баяндады.
Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті.