А.ж. 20 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиеваның төрайымдылығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XХIX-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі 1-ші, 2-шi, 3-ші, 4-ші және 5-ші мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова баяндады.
1-ші және 2-шi мәселелер бойынша 2024-2026 жылдардағы аудан және ауылдық округтері бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы айтылды.
Баяндамасында, жұмыспен қамту бөліміне және Амангелді, Достық, Қосшы, Қазақстан, Мерей және Тасқала ауылдық округтеріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қосымша бюджеттік өтінімдер туралы баяндады.
3-шi мәселе бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеттің жобасымен таныстырып, 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республиқалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін насаналы трансферттердің түсімі бойынша ақпарат ұсынды.
4-ші мәселе бойынша Тасқала ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономиқалық даму паспортына баяндама жасады.
Паспорт ауданның бағытын, мамандануын айқындау, бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың ұлғайту арқылы ауданның экономиқалық дамуына арналған.
5-ші мәселе бойынша «2025 арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» шешім жобасы тыңдалды.
Баяндамасында, жоғарыда аталған салалардағы мамандарға:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит - ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселеген мөлшерінен аспайтын сомада; - ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын туралы жеткізді.
6-ші мәселе бойынша, Тасқала ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы шешім жобасын аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Губашева баяндады.
Баяндамашы Тасқала ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, геоботаниқалық зерттеп қарау бойынша, қосымша етілетін жайылымдар туралы және т.б. санаттары бойынша мәліметтер ұсынды.
7-ші мәселе бойынша, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістермен таныстырды.
8-ші мәселе бойынша, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімінің басшысы А.Ибраев бөлімінің 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы есебін ұсынды.
Сондай-ақ, депутаттар күн тәртібіндегі учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру, 2025 жылға аудандық мәслихат сессияларында қаралатын негізгі мәселелер туралы қарады.