Аудандық мәслихаттың кезекті 29 - сессиясының күн тәртібінде:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы
21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы №16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. 2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы;
4. Тасқала ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму төлқұжатын бекіту туралы;
5. 2025 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы;
6. Тасқала ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
7. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылы және 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы;
9. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
11. 2025 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын негізгі мәселелер болды.
Депутаттар, алдын ала өткен тұрақты қомиссияда депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.