Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Тасқала ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы шешім жобасын аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Губашева баяндады.
Баяндамашы Тасқала ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, геоботаниқалық зерттеп қарау бойынша, қосымша етілетін жайылымдар туралы, ауыл шаруашылығы бойынша қалыптастырған мал және өсімдік шаруашылығы туралы мәліметтер ұсынды. Жоспар мал шаруашылығының тиімді дамыту, жайылымдарды экологиялық тұрғыдан тұрақты пайдалану және жердің өнімділігін арттыру мақсатында әзірленді.
2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші мәселелер бойынша аудандық экономиқа және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова "2024-2026 жылдардағы аудандық және ауылдық округтер бойынша бюджеттеріне өзгерістер енгізу", "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" және "2025 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді-мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" шешім жобаларын ұсынды.
Баяндамасында, 5-ші мәслеле бойынша жоғарыда аталған салалардағы мамандарға:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит - ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселеген мөлшерінен аспайтын сомада; - ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын туралы жеткізді.
6-ші мәселе бойынша білім беру бөлімінің басшысы А. Касимованың аудандық білім бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есебі қаперге алыңды.