Тасқала аудандық мәслихаты Тасқала ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Тасқала ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы #69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі –Үлгілік Ереже) сәйкес коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, аудан азаматтары қатыса алады және келесі құжаттар ұсынылады:
1)аталған Үлгілік ережеге 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Сонымен қатар, Тасқала аудандық мәслихаты байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізілетінін хабарлайды. Жоғарыда аталған Үлгілік ережеге сәйкес байқаушылар коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан іріктеледі.
Байқаушы болуға ниет білдірген адам аталған Үлгілік ережеге 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсыныстар және байқаушыға ниет білдірген адамдардың өтініштері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 күнтізбелік күні ішінде, сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 107 кабинет.
Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты –аудандық мәслихат аппараты басшысының м.а. Махашева Динара Нурланова , байланыс телефоны:22-3-25, электрондық пошта: taskala.maslihat@mail.kz
Тасқала аудандық мәслихаты