ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА

ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА
ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА
20 қараша күні Амангелді ауылдық округі тұрғындары аудандық мәслихат депутаты Зульфия Шәріпқызы Сергазиевамен кездесіп, аудандық мәслихат депутаты ретінде есебін тындады.
Аталған жиынға "Амангелді" БПҰ төрайымы Габдуллина А.А., ауыл жастары, қоғамдық кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Зульфия Шәріпқызы өз сайлау округі бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Жиынға қатысқан Ислямгалиева Жанна ауылдың жолдары, соның ішінде Бірінші Шежін ауылына жол қашан жөнделеді деп сұрақ қойса, Сағатбаев Айбек ауылдың жастарына шағын спортзал салынса деген ұсыныс тастады. Кейін жиынға қатысушылар жарыссөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, аудандық мәслихат депутатының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.