ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА

ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА
ДЕПУТАТТАР ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА
А.ж. 19 қараша күні Мерей ауылдық округі тұрғындарымен Тасқала аудандық мәслихат депутаты Көшербаев Есенмұрат Өтемісұлы кездесіп, аудандық мәслихат депутаты ретінде есебін берді.
Аталған жиынға округтің зиялы қауым өкілдері, БПҰ төрағасы Артур Дүйсенов пен партия мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.
Есенмұрат Өтемісұлы өз сайлау округі бойынша "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламаның орындалу барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді, мәселен мәдени-сауықтыру орталығы салынғаны, ауылдың кіреберіс және ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстарының атқарылғанын, жаңа үйлер салынғанын және алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті: Айнабұлақ ауылында негізгі мектеп пен ауылға болашақта мәдениет үйінің құрылысы қажет екеніне тоқталып өтті.
Кейін жиынға қатысушылар жарыссөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, аудандық мәслихат депутатының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.