28- сессиясының тұрақты комиссия отырысы өтті

28- сессиясының тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

А.ж. 14 қараша күні аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХVІII-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелері қаралды.

1-ші мәселе бойынша, Тасқала аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, кәмелеттік жасқа толмаған істері жөніндегі  аға участкелік полиция инспекторы полиция  капитаны  Э.Тапаловтың 2024 жылдың 10 айда аудан бойынша полиция бөлімімен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстармен таныстыра отырып, комиссияда мазалаған мәселелерді талқылап, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстарын жеткізді.

2-ші және 3-ші мәселелер бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова аудандық және ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

3-ші мәселе бойынша «Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтатардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындыудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің басшысы Б.Кентугаева баяндады.

         4-ші мәселе бойынша Тасқала ауданында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы С. Имангалиев баяндады.

Баяндамашы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесін 2% - ға дейін төмендетуді қолдау ұсынылды.

         Мәслихат депутаттары бөлшек салық ставкасының мөлшерлемесін төмендету тәсілін алдын ала өткен тұрақты комиссия отырысында егжей-тегжейлі қарап талқылағандықтан бір ауыздан қолдау.

Сонымен қатар комиссия отырысында күн тәртібінде көрсетілген келесі мәселелер: құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзгерістер енгізу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы С.Аманбаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.