
Сессия отырысы өтті
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХVІI –сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары С.Галиева, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Л.Тастембекова, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының м.а. С.Имангалиев қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХVІІ-ші сессиясының күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасымен таныстырды.
2-ші мәселе бойынша, депутаттар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының м.а. С.Имангалиевтың ұсынысына сәйкес, ауданның саяси–әлеуметтік, мәдени-экономиқалық және рухани дамуына зор үлес қосқан азамат Михаил Федорович Снопковқа «Тасқала ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы қолдау білдірді.
Сессия соңында аудандық учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсынысын аудандық мәслихат аппараты басшысының м.а. Д.Махашева атап өтті.
Жалпы, алдын ала өткен тұрақты қомиссияда депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.