Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті
Сессия отырысы өтті
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XХVI –сессиясының отырысы болып өтті. Отырыс «Autobe kz» тікелей арнасы арқылы жүргізілді.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Рахметуллин, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э.Бисалиева, аудандық жастар ресурстык орталығы басшысының м.а. Д.Нургалиева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Белгин, аудандық коммуналдық шаруашылығының басшысы А.Жұмағулов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы С.Шукуров, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХVІ-ші сессиясының күн тәртібіндегі 7 мәселе қаралды.
Алдымен сөз мәслихат төрағасы Жанар Нұрболатқызы Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтті. Еліміздегі су тасқыны жағдайларын ескере отырып, көптеген шаралардан бас тартылып, 30-жылдықты спорттық шаралар ретінде өткізу шешім қабылданды. Осы мақсатта республика деңгейінде «Senat open» шахматтан және «Абай жүлдесі» тоғызқұмалақ ойынынан турнирлер өткізілді. Ауданның мәслихатын қолдау мақсатында, шахматтан турнирге қатысқан Дуйсенгалиев Данияр Қайырғалиұлына және тоғызқұмалақ ойынына қатысқан мәслихат аппаратының бас маманы Д.Махашеваға, «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Б.Сапаргалиевке және Тасқала аудандық балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Насибуллин Орынғали Наушұлына алғыс білдіріп, марапаттады.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э.Бисалиева 2024-2026 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтері бойынша бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларымен таныстырды.
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ашық дауыспен тізім бойынша 5 адам және округтік сайлау комиссиясына 1 адам сайлауды ұсынды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, шешім депутаттардың ұсыныстары ескеріле отырып қабылдынды.
Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің аудандағы барлық бағыттағы кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша және атқарылған қызметтері туралы есебі қаперге алынды.
Жалпы, алдын ала өткен тұрақты қомиссияда депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.