Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті
Тұрақты комиссия отырысы өтті
А.ж. 26 тамыз күні аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XХVI-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
1-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э.Бисалиева «БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндап өтті.
Баяндамашы 2024 жылға арналған бюджеттің өзгеруінің 4-ші нақтылауын қарауға ұсынды. Ең төменгі жалақының өзгеруіне байланысты жекелеген санаттардағы еңбекақыны арттыруға республиқалық бюджеттен трансфеттерді қайта бөлу туралы, облыстық бюджеттен трансфеттер туралы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қосымша бюджеттік өтінімдер туралы баяндады.
2-ші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылы және 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының» есебі тыңдалды.
Аудан бойынша ауыз сумен қамту жөнінде мәселесі бойынша қосымша ақпарат үшін аудандық коммуналдық шаруашылығының басшысы А.Жумагулов хабарлады.
3-ші мәселе бойынша, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы С.Шукуров «2023 жылғы және 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудандағы барлық бағыттағы кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша және атқарылған қызметтері туралы есебін баяндап өтті.
Осы 3-ші мәселеге қоса ауылдық округ әкімдері аудан бойынша қысқы мал азығының дайындығы, тұрған халыққа жем, шөп өнімдерінің жеткізілуі, олардың бағасы туралы хабарлады.
4-ші мәселе бойынша, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысының м.а. Д.Нургалиева «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларын ынталандыру үстемақы белгілеу туралы» шешім жобасын ұсынды.
Жоба бойынша Тасқала ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақы 30% пайыз көлемінде белгілеуді ұсынды.
Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э.Бисалиева 2024 жылға 4 деңгейлі бюджетіне өзгерістер енгізу ауылдық округтері бойынша шешім жобасын ұсынды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы С.Аманбаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.