"Жер аманаты" комиссиясының жұмыстары жалғасуда.

"Жер аманаты" комиссиясының жұмыстары жалғасуда.
"Жер аманаты" комиссиясының жұмыстары жалғасуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерлерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған болатын. Осыған орай барлық өңірде «АMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Осы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек іссапармен ауданымызға келіп, «Атамұра» ЖШС де шаруалармен кездесті. Оған «АMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев пен аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, облыстық мәслихат депутаты Нұртай Жұмашев, «АMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева және осы салаға қатысты мамандар мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Негізгі мақсат біріншіден халықты мал жаятын жерлермен қамтамсыз ету. Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы.
Кездесу барысында шаруа қожалығының басшылары өздерінің көкейде жүрген мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.