А.ж.15 тамыз күні облыс орталығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыны қолдау аясында, мәслихаттардың 30 жылдық мерейтойына орай, тоғызқұмалақтан “Абай жүлдесі” турнирі өтті.
Турнирге аудандық мәслихат аппараты атынан бас маман Д.Махашева, аудандық "Екпін" қоғамдық - саяси газетінің жауапты хатшысы Б.Сапаргалиев және О.Насибуллин қатысып бақ сынасып, алғыс хаттармен марапаттады.
Д.Махашева: Тоғызқұмалақ ойыны ережелерінен қазаққа тән мінез-құлық ерекшеліктерін көруге болатындығын, отау саны мен құмалақ санының аталған ойында көптігі де ұлтымыздың жомарт, еркін болмысын сипаттайтындығын, қазақ даласына тән кеңдігін көрсететіндігін айтты.
Сондай-ақ, Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу – бәріміздің басты парызымыз екенін атап өтіп, өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат тоғызқұмалақ ойынының ережесін біліп қана қоймай, оны жұртшылыққа насихаттауы тиіс екендігін жеткізді.