
18 шілдеде Тасқала ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенің құрылыс барысымен танысу Партиялық бекет төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында 320 көрермен орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмысымен танысты.
Жобалау–сметалық құжаттамаға 2022 жылы түзету жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Сараптаманың №04-0288/22 оң қорытындысы 2022 жылдың 9 қарашасында шықты. Жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС (Орал қаласы). 2023 жылы КПО б.в. компаниясы құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта бастау үшін тендерлік рәсімдер жүргізді. Бас мердігер мекемесі болып «QS Capital Construction» ЖШС анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың шілде айында басталды. Құрылыстың мерзімі жоба бойынша – 14 ай. Жобаның жалпы құны 1 245 889,0 мың теңге. Нысан бойынша құрылыс аланынан қоқыс шығару, ғимараттың екінші және бірінші қабаттарының тастарын қалау, кәріз жүйесін орналастыру, электроэнергия кабельдерін тарту, жарықтаңдыру бағаналарын орнату, темір конструкцияларды монтаждау, ғимараттың қабырғалары мен төбесін сэндвич панельдермен жабу, ғимараттың ішкі және сыртқы инженерлік желілерін қосу жұмыстары орындалды. Құрылыс – монтаждау жұмыстары ауыспалы болғандықтан, аяқталуы 2024 жылдың тамыз айында. «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан үнемі бақылау шаралары ұйымдастырылып отыратын болады.