
Заң жобасын талқылау үшін бас қосты
19 шілдеде «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы бойынша тұжырымдамалық ережелер жобасын депутаттармен талқылау жиынында бас қосқан қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен сарапшылар бірнеше ұсыныстарын ортаға салды. Бұл заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының ұсынысына сәйкес Парламентаризм институтымен қаңқасы жасалып, қазіргі қолданыстағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңды екі бөлек қабылдау және 2022 жылғы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мемлекет аумағында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне біртіндеп көшу туралы мәлімдеп, мәслихаттардың осы жүйенің негізгі буыны болатынын және қаржыландыруды тікелей, жоғары тұрған әкімдердің көмегінсіз алатыны туралы тапсырмасына сәйкес қаралып жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша барлық мәслихаттарға, сарапшыларға осы заң жобасы жолданып, депутаттардың, мәслихаттардың барлық ұсыныстарын қандай норма қосу қажет, қай жерінде артықшылықтар бар, қандай қағидалар енгізу керек, т.б. үшін жолданып отыр. Бұл заң жобасы мәслихаттың статусын, рөлін бірден анықтап, шешуіне мүмкіндік туғызып отыр. Заң жобасын әзірлеушілер ұсынылған ұсыныстарды саралап, негіздерін анықтап, осы жылдың қыркүйегіне дейін қарайды. Сондықтан, заң жобасын талқылап, ұсыныстарыңызды енгізуге белсенділік таныту болашақтағы нақтылықтың кепілі болмақ. Жиын барысында ZOOM арқылы байланыста болған аудандық мәслихат депутаттары бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, заң жобасының жергілікті жердегі халықтың қабылдауының күрделі екендіктерін тілге тиек етті. Дегенмен де, облыстық мәслихатқа жолданған ұсыныстардың барлығы егжей-тегжейлі тексерілетін болады.