24 шілдеде Тасқала ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімінің кеңесшісі Халелов Алдияр Сансызбайұлы болды.

24 шілдеде Тасқала ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімінің кеңесшісі Халелов Алдияр Сансызбайұлы болды.

24 шілдеде Тасқала ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімінің кеңесшісі Халелов Алдияр Сансызбайұлы болды.

Сапар аясында Алдияр Сансызбайұлы және аудан әкімі Талғат Асқарұлы ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлім және орталық мемлекеттік органдар басшыларының, аудандық мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес мүшелерінің, ауыл шаруашылық кооперативтерінің басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының кейбір мәселелері талқыланды. «Бағдарламаның тиімділігін Қоскөл ауылдық округінің мысалында көруге болады. Түгел бір ауыл болып ауыл шаруашылық кооператив құрылды. Құрамына бірі мал басымен, бірі жер телімімен кірген. Жеңілдетілген несие арқылы сүтті ірі қара және қой сатып алған. Кооператив ауыл шаруашылық техникасын да лизинг арқылы жаңартқан. Нәтижесінде жер телімінің иесі өз жерін тиімді пайдалануға мүмкіндікке ие болып отыр. Шөп шабып, төмен бағамен түгел ауылды мал азығымен қамтамасыз етуде...» - деді Алдияр Сансызбайұлы. Талғат Асқарұлы қазіргі уақытта ауданда «бір ауыл - бір кооператив» қағидаты бойынша кооперативтерді біріктіру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Тасқаладағы жиыннан кейін Мерей ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен Тоғайлы ауылында да аталған тақырыпта жиын өткізілді. Жында бағдарламаның ережелері, қатысу мүмкіндіктері туралы айтылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.