
КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДӘРІГЕРЛЕРІ АУЫЛДЫҢ КІШКЕНТАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ.
Көпбейінді Облыстық Балалар Ауруханасы дәрігерлері: БҚО ДСБ бас штаттан тыс педиатры, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директоры, Тасқала ауданының мәслихат депутаты М.Оразбаев, невролог Т.Аманжолова, эндокринолог С.Сундетова, офтальмолог Н.Нурахметова, хирург Ф.Жолдығали, травматолог А.Даупаев 2-Казталов аудандық ауруханасында болып, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетіп қайтты. Іссапар барысында жұмыс тобы кәмелетке толмаған балаларды қабылдады. Қарау барысында бас штаттан тыс педиатр Максат Жүнісәліұлы сәбилердің аналарына тұрмыста қауіпсіздік шараларын сақтау, дені сау болып өсу үшін профилактикалық бағытта консультативтік кеңестер берді.