Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті
Сессия отырысы өтті
31 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV–сессия отырысы болып өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді. Онлайн отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р.Рахметуллин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Губашева, мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы шешім жобасымен баяндаушы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Губашева баяндады.
2-ші мәселе бойынша Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 “Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы”шешіміне өзгерістер енгізу туралы және 3-ші мәселе бойынша Тасқала ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің бекіту туралы шешім жобаларымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы баяндады. Сессия отырысы соңында депутаттармен округтердегі қысқы мезгілге мал азығының дайындығы туралы мәселе көтерілді.
1-ші мәселе бойынша толығырақ, бекітілген жер комиссиясының құрамы, келесідей:
Жер комиссиясының құрамы
Рахметуллин Рауан Бисенгалиевич – Тасқала ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы;
Губашева Айнагул Тілегенқызы – Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Темирова Гульмира Жанбулатовна – Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Мукашев Бекежан Жамаледенович – Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы;
Шукуров Самигулла Рахметуллович – Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысы;
Ибраев Асхат Тулегенұлы – Тасқала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
Каймашев Турарбек Есимбекович – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тіркеу және кадастр бойынша Тасқала ауданы бөлімінің бас маманы (келісім бойынша);
Ғаббасов Нұр Ізмағамбетұлы – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы филиалының Тасқала ауданы бойынша кәсіпкерлер кеңесінің өкілі (келісім бойынша);
Бисенгалиева Жанар Нурболатовна – Тасқала аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);
Балыков Жардемгали Абылгалиевич – Тасқала аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Турганалиев Ганмирлан Гусманович – Тасқала аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша);
Мухамбеткалиева Гульжан Болатовна – Тасқала аудандық аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
Садыков Нұрсұлтан Абайұлы – Батыс Қазақстан облысы Жастар ұйымдарының ассоцияциясы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Нурмаганбетов Даурен Кабдыгалиевич – «Даурен» шаруа қожалығының жетекшісі (келісім бойынша).
Жер учаскелері Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес берілген жағдайда:
1. Ақтау ауылдық округінің әкімі;
2. Амангелді ауылдық округінің әкімі;
3. Достық ауылдық округінің әкімі;
4. Қазақстан ауылдық округінің әкімі;
5. Қосшы ауылдық округінің әкімі;
6. Мерей ауылдық округінің әкім;
7. Мереке ауылдық округінің әкімі;
8. Тасқала ауылдық округінің әкімі;
9. Шежін ауылдық округінің әкімі;
10. Ақтау ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
11. Амангелді ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
12. Достық ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
13. Қазақстан ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
14. Қосшы ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
15. Мерей ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
16. Мереке ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
17. Тасқала ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша);
18. Шежін ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы(келісім бойынша).