АСҚАЛАЛЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

АСҚАЛАЛЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
ТАСҚАЛАЛЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Жыл сайын мамырдың 31-і елімізде саяси – қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл күні біз жазықсыз жазаланған арыстарымыз бен ашаршылық жылдарында құрбан болғандарды еске алып, рухтарына тағзым етеміз.
Бүгін аудан орталығында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Шараға аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Бисенғалиұлы мен Саягүл Мәулетқызы, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Нұрболатқызы, еңбек ардагерлері мен ауыл ақсақалдары, мекеме және бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиналған көпшілік саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш тасқа гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.
Шара соңында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухтарына арнап аудандық мешітте Құран бағышталды.