2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында аудан әкімінің есеп беру кезеңі өтті. Есептік кездесулерге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенгалиева да қатысты.
Мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева өз кезегінде жалпы мәслихат қызметімен, депутаттардың атқарған жұмыстарын баяндады. Бұл дегеніміз - аудан аумағында мемлекет саясатын жүргізуге, ауданның әлеуметтік-экономиқалық жоспарларын жүзеге асыруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты шаралардың атқарылуына бағытталған бағдарламаларды бекіту, олардың орындалуын туралы есептерді қарау және аудан бюджеті мен оның орындалуын бекітіп, бөлінген қаржылардың тиімді пайдалануын қадағадап отыру болып табылатының айтты.
Халықты ақпараттандыру мақсатында барлық мәслихат сессиясы отырыстарын «
Aitobe.kz» тікелей арнасы арқылы өтетін хабарлады. 2023 жылы бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат берді. Сессиялардың басым бөлігі болып табылатын шешімдер бюджет болып табылатындықтан, бөлінген қаржы сомасын елді мекендерді аббаттандыуға, көшелерді жарықтандыру қызметтеріне, кіреберіс және ішкі жолдарды жөндеуге жіберілгенін айтай кетті.
Мәслихат сессиясының күн тәртібінде ұсынылған мәселелердің барлығы да алдын-ала тиісті тұрақты комиссия мүшелерімен қаралатынын, комиссияларының мүшелері мәселелерді талқылау барысында өз ұсыныстарын, пікірлерін айтып, шешім жобаларына тиісті қаулы қабылданып, сессиясының қарауына ұсынылатының туралы айтты. Жыл басынан 8 шақырылым депутаттарының 17 бірлескен тұрақты комиссия отіп, 70 сұрақ қаралып талқыланып, нақты ұсыныстар бергендігі айтты. Барлық депутаттар күнделікті өз қызметінде, айсайын өткізетін қоғамдық қабылдауларында тұрғындардың көтерген немесе өзге де шешім тез арада табылмай жатырған маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап тұратындығын жеткізді. 2023 жылы мәслихат депутаттары 31 депутаттық сауал жолдады. Солардың ішінде:Тасқала ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенің құрылысы бойынша, теміржол бекетінің күтіп ұстау туралы, дүкендердің, одан басқа бірнеше бизнес ғимараттарының күтіп ұстау туралы, электр мәселесі, ҚР Парламент мәжілісіне және БҚО Еңбек инспекциясына техниқалық персонал болып ақаратын суықтыру жәрдемақысын енгізуге туралы, жол мәселесі және т.б.
Облыс деңгейінде көтерілген маңызды мәселелердің бірі Тасқала колледж мәселесіне тоқталды. Аталған мәселені 2023 жылы облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысына жеткізіп, колледждің қазіргі жағдайының сын көтерілмейтіндігін, материалдық-техниқалық базасын ескіргенің, оқуға келген стундеттердің оқу бітірген жағдайда мамандығы бойынша жұмыс жасамайтындығы алаңдатып отырғандығын, колледжге заманауи құрал- жабдықтар алу керектігін, сұранысқа ие мамандықтарды енгізу, студеттерге жағдай жасау, оларға көмектесу, «Жас маман» бағдарламасын Тасқала колледжіне кірістіріп, оқу орнын модерниязацилау керек деген ұсыныстарын жеткізді. Облыстық депутаттары колледжге қатысты мәселені өте маңызды екендігін ескеріп, облыстық білім басқармасына облыс көлеміндегі барлық техниқалық білім ордаларының жағдайына сараптама жасап, мақсатты деген коллдждерге біртіндеп, түпкілікті жөндеу жүргізудің мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс бергендігі жөнінде жеткізді.
Ж.Нұрболатқызы өз сөзінде: «Қазіргі уақытта 8 шақырылымдағы депутаттарымыз ауданымызға белгілі, абыройлы, әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, жемісті еңбектерінің арқасында халық сеніміне ие болған азаматтар екендігін және олар өздері тарапынан ауданымыздың іс-шараларына демеушіліктер көрсететіндігін» атап айтты.
Кездесулерден соң, мәслихат төрағасы тұрғындарды мазалап жүрген жеке сұрақтарымен қабылдады.