
Сессия отырысы өтті
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XХI –сессиясының отырысы өтті. Отырыс «Autobe kz» тікелей арнасы арқылы жүргізілді.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Рахметуллин, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХI-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелері қаралды, олар:
1. БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. 2023 жылғы аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуының жылдық есебін бекіту;
Округ әкімдері ауылға бөлінген бюджет қаражаттары бойынша жоспардың орындалуын және қанша пайызға игерілгенің түсіндіріп өтті.
Қорытынды баяндама ретінде облыстық тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органдардың тиісті есебіне қорытындысымен аудандық мәслихат аппаратының басшысының м.а. Д.Махашева таныстырды.
Жалпы облыстық тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша бюджетті жоспарлау және нақтылауын кезінде, оның сапалы орындалуы бойынша жұмыстар жалғастыруды, аудандық экономиқа және қаржы бөліміне облыстық тексеру комиссиясының ұсыныстарың қатерге алып мен барлық ауылдық округтердің әкімдеріне алдағы уақытта да ауылдық бюджетті қалыптастыру барысында жоспарлау сапасына және салық түсімі мен қарызы бойынша жобалардың орындалуына аса мән берілуіне назар аударуды сұрады.
3. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2023 жыл және 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі туралы;
4. Аудандық білім бөлімінің басшысының және жалпы білім беретін орта мектеп директорларының жоғары сынып оқушыларымен психологиялық тәрбие жұмыстарының орындалу барысының есептері туралы.
Комиссияда депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қаралып, талқыланғаннан ескере отырып, шешімдерді бір ауыздан мәслихат депутаттарымен бекітілді.