Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиеваның төрайымдылығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста аудандық мәслихаттың кезекті XХI-ші сессиясының күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды.
1-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова «БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндап өтті.
Баяндамашы 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің өзгеруінің 2-ші нақтылауын қарауға ұсынды. Облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлуге бірнеше ірі жобаларға баса назар аударылды, бұл Мерей, Ақтау және 2-Шежін ауылдарының көшелеріндегі көлік және ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу, сондай-ақ халықтын әлеуметтік жағынан әлсіз топтары үшін 2 пәтерлі 10 үй сатып алуға (барлығы 20 пәтер: Атамекен ауылында-4 пәтер, Ақтау ауылында -6 пәтер, 2-Шежін ауылында- 2 пәтер, Амангелді ауылында – 4 пәтер , Мерей ауылында -4 пәтер) жалпы сомасы - 309 944 мың теңгені құрайды.
2-ші мәселе бойынша 2023 жылғы Тасқала аудандық бюджетінің орындалуы бойынша есебін экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова баяндады.
Осы 2-ші мәселе бойынша 2023 жылғы ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуын бойынша ауыл әкімдеріне депутаттар тарапынан туындаған кейбір сұрақтарға жауаптарын алды. Мерей ауылдық округінің әкімі О. Насибуллин депутаттарға Мерей ауылындағы үлгілі, барлық өлшемдері бойынша келетін 2 қабатты "Айгөлек" мектеп-балабақшасының ғимаратты күрделі жөндеу мәселесімен жүгінді, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бойынша ғимарат қолдануға жарамсыз екендігін айтты. Өз кезегінде депутаттар маңызды мәселелердің барлығын қарап, мәселені облыстық деңгейде қарауға ықпал ететінің жеткізді.
Даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Шукуров баяндады.
Жалпы аудан бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, аудан шаруашылықтарымен сатып алынған техника және бөлім бойынша көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметтер туралы хабарлады.
Облыстық тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органдардың тиісті есебіне қорытындысымен аудандық мәслихат аппаратының басшысының м.а. Д.Махашева таныстырды.
Сонымен қатар комиссия отырысында күн тәртібінде көрсетілген келесі мәселелер: аудандық мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2023 жыл және 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар есебі туралы, аудандық білім бөлімінің басшысының және жалпы білім беретін орта мектеп директорларының жоғары сынып оқушыларымен психологиялық тәрбие жұмыстарының орындалу барысының есептері туралы талқыланды.
Білім бөлімінің баяндамасына сүйене отырып, депутаттар аудан ішінде оқушыларға арналған автобус бойынша, балабақшаларды жабдықтармен қамтамасыз ету және т.б.ұсыныстарды білдірді.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы Л.Жұбанышқалиева ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.