
Қайырымдылық жасау - қанымызда бар қасиет.
Мемлекет басшысының Жарлығымен биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойланатын болды.
Сонымен, бүгін 14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі болса. Ертен 15 наурыз - Қайырымдылық күні болып табылады.
Қайырымдылық күнінің басты мақсаты Жер бетін мекен еткен жанның барлығының назарын аса мұқтаждарға, кем-кетіктер мен тығырыққа тап болғандарға, жетім-жесірлерге, мүгедектер мен қапыда қалғандарға қол созып, шын жүректен, ақысыз, адал жәрдем жасауға аударту.
Тасқала ауданы бойынша барлық мекемелермен ұйымдастырылып, ерекше шаралар өткізу арқылы атқарылып жатқан істер осыған дәлел болып табылады.
Осыған орай бүгін қайырымдылық күніне және осы күнмен биыл қатар өтіп жатырған рамазан айында аудандық мәслихат депутаттары Ж.Бисенғалиева мен А.Кульшманов барлық аудандық мәслихат депутаттарының атынан ауданымыздың Достық, Бірлік, Бастау, Атамекен ауылдарында тұратын 5 отбасыға азық-түлік алып, көмек көрсетті.
Жақсылық жаршысы болып, қайырлы іс қылудан шаршамайық!