
Мәслихат төрағасы қоғамдастық жиынының алдында есеп берді.
Үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні жоспарланған шығу кестеге сай аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева Достық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының алдында «2023 жылы аудандық мәслихатпен атқарылған жұмыс туралы» есеп беру мақсатымен Достық ауылында болды. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына және мәслихат регламентіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Солардың бірі болып мәслихат төрағасының жергілікті қоғамдастық жиындарының алдында жылына бір рет есеп беруі болып табылады.
Жиынға Ж.Бисенғалиева, Достық ауылдық округінің әкімі Х.Ахметов, жергілікті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиының мүшелері қатысты.
Ж.Бисенғалиева өз есебінде жалпы аудандық мәслихат қызметіне, депутаттармен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Барлық депутаттар күнделікті өз қызметінде, айсайын өткізетін қоғамдық қабылдауларда тұрғындардың көтерген немесе өзге де шешімі тез арада табылмай жатырған маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап тұратындығын жеткізді.
Аудандық мәслихаттың негізгі нысаны – сессия болып табылатынің атап өтіп, 2023 жылдан бері бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат берді. Сессиялардың басым бөлігі болып табылатын шешімдер бюджет болып табылатындықтан, бөлінген қаржы сомасын айтай кетті. Президентіміздің берген бағыты бойынша ел болып, қолдап «Жаңа Қазақстан» құру өз қолымызда екенін жеткізді.
Есеп барысында көтерілген барлық мәселелерге назар аударып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауға ат салысатының айтты.
Сонымен қатар мәслихат төрағасы Достық ауылына "Қаладан ауылға" атты бағдарлама аясында көшіп келген отбасының шаңырағында болды. Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың ауылға келуін ынталандыру, халықтың көші-қонын азайту, ауылдық жерде жұмыс күші тапшылығын жою, ауылдық жерлерді, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес нысандарын көбейту, тұрақты жұмыс орны жоқ қала азаматтарының, сондай-ақ жас отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
Және осы округке қарасты "Қара бура" шаруа қожалығына да ат басын бурған болатын. Маслихат төрағасы шаруашылық жұмысшысымен жүздесіп, төрт түліктің амандығын сұрап, мал азығының жеткілікті екеніне көз жеткізді.