Мәслихат төрағасы Атамекен ауылында болды

Мәслихат төрағасы Атамекен ауылында болды

Мәслихат төрағасы Атамекен ауылында болды.
Үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні жоспарланған шығу кестеге сай аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева, мәслихат депутаты М.Хаиров Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының алдында «Аудандық мәслихатпен атқарылған жұмыс туралы» есеп берді.
Жиынға Ж.Бисенғалиева, Қазақстан ауылдық округі әкімдігінің өкілі және жергілікті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиының мүшелері қатысты.
Ж.Бисенғалиева аудандық мәслихаттың негізгі нысаны – сессия болып табылатынын атап өтіп, 2023 жылдан бері бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде және қоғамдық қабылдауда тұрғандармен көтерілген, ондай-ақ депутаттың өзінің бастамасымен көтерілген мәселер бойынша жолданылған сауалдар, олардың орындалуы туралы т.б. есебін берді. Ақылы жол мәселесі, округке өрт сөндіру машинасы қажеттілігі, электр желісін жөндеу туралы мәселелер көтерілді.
Жиыннан соң маслихат депутаттары ауыл тұрғынымен ауыл маңындағы өзенді қарап, су көтерілу қаупі бар жерлерді қарап шықты.
Сонымен қатар, жол бойында орналасқан Алмалы елді мекенінде болып, шаруалардың мал-жан амандығын, азығының жеткіліктілігіне көз жеткізді.