
Мәслихат төрағасы 2-Шежін ауылында болды. Үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні жоспарланған шығу кестеге сай аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева, мәслихат депутаты О.Утешев Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының алдында «Аудандық мәслихатпен атқарылған жұмыс туралы» есеп берді. Жиынға мәслихат депутаттары, жергілікті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиының мүшелері қатысты. Ж.Бисенғалиева аудандық мәслихаттың негізгі нысаны – сессия болып табылатынің атап өтіп, 2023 жылдан бері бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде және қоғамдық қабылдауда тұрғандармен көтерілген, сондай-ақ депутаттың өзінің бастамасымен көтерілген мәселер бойынша жолданылған сауалдар, олардың орындалуы туралы т.б. есебін берді.