
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні. Елімізде бұл күн 2016 жылы мереке ретінде жарияланған болатын. Бұл – азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын, елді бірлікке шақыратын мереке. Аталған мерекеге орай Тасқала аудандық мәслихатының төрағасы, мәслихат депутаты Ж.Бисенғалиева мен аудандық мәслихат депутаты "Amanat" партиясының Тасқала аудандық филиалының төрағасы Л.Жұбанышқалиева қазіргі уақытта зейнеткер, аудандық мәслихаттың І-ші шақырылымының депутаты Клара Хафизовна Алимовнаның шаңырағында болып, алғыс айтып, және биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Клара Хафизқызы ауданында білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұрпақтарға білімнің нәрін берген-зейнеткер ұстазымыз болып табылады. Маслихат депутаттары ардагер ұстазға егеменді еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың гүлденуі үшін атқарған еселі еңбегіне алғыстарын жеткізіп, шағын сыйын тарту етті.