
Тұрақты комиссия отырысы өтті
А.ж. 27 ақпан күні аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті XVII-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелері қаралды.
1-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова «БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндап өтті.
Баяндамашы 2024 жылға арналған бюджеттің өзгеруінің 1-ші нақтылауын қарауға ұсынды. Біріншісі - тұрғын үй сертификаттарын беруге облыстық бюджеттен 10 млн теңге сомаға бөлінген трансферттер және екінші мәселе-бюджет қаражатын қайта бөлу және 2023 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан бос қалдықты бөлу туралы баяндады.
2-ші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған негізгі мәселелері бойынша жоспарына сәйкес, «Аудандағы эпидеомиологиялық жағдайы жою, алдын алу шараларының орындалуы бойынша» есебімен аудандық санитариялық-эпидеомиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Ялпакова баяндады.
Жалпы Тасқала аудандық санитариялық-эпидеомиологиялық басқармасы 2023 жылда нысаналы топ балаларынын профилактикалық егулермен қамту көрсеткіші талаптағы көрсеткішке сәйкес орындалмай отырғандығын хабарлады.
Мәслихат депутаты М.Оразбаев уақытында инфекцияларға қарсы вакциналарды (қызылша, қызамық ат) алмаудың салдары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта балалардың көпшілігі көкжөтелмен ауырып жатырғандығын атап өтті. Көкжөтел 15 жылдан астам уақыт бойы іс жүзінде кездеспеген(кездесседе жылына 1-2 рет). Бұл аурулардың өсуі соңғы жылдары вакциналау көрсеткішінің төмендігінен екенін атап өтті. Комиссия мүшелірі баяндамашыға вакцинациялау бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде әрі қарай жалғастыру керектігін айтты.
Сонынмен қатар күн тәртібінен тыс аудандық мәслихат отырысының қарауына және қолдауына Тасқала ауданының "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасы филиалынан бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету жөнінде мәселе қаралды.
Салық кодексіне сәйкес 2023 жылдан бастап мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуге құқылы.
Салық кодексінің 77-2-тарауына сәйкес сату үшін бөлшек салық ставкасы сату кезінде жеке тұлғаларға 4% және заңды тұлғаларға 8% құрайды.
Ал, Тасқала ауданының "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасы филиалы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесін 2% - ға дейін төмендетуді қолдау ұсынылады.
Мәслихат депутаттары бөлшек салық ставкасының мөлшерлемесін төмендету тәсілін талқылап, тиісті мемлекеттік мекемеге жобаны әзірлеп, мәслихат сессиясына ұсыну қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар комиссия отырысында күн тәртібінде көрсетілген келесі мәселелер: аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға өзгерістер енгізу, жер комиссия құрамдарына өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы С.Аманбаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.