Жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша бірлескен отырыс өтті

Жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша бірлескен отырыс өтті
Жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша бірлескен отырыс өтті
 
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында БҚО мәслихатының инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының 2024 жылғы 11 қаңтардағы №1 хаттамасын орындау мақсатында такси  қызметін ұсынушы  тұлғалардың жауапкершілігін аттыру, қызметтерін заңдастыру бойынша шаралар қабылдау, сонымен қатар профилақтиқалық жұмыстар жүргізу бойынша бірлескен отырысы  өтті. Отырысты аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Галиева, аудандық жергілікті  полиция қызметі бөлімінің басшысы Е.Есентаев, әкімшілік практика бөлімінің басшысы Ж.Ниталиев, аудандық кірістер басқармасының басшысы Р.Елеусізов, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаурашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. М.Губашев, аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы, коғамдық кеңесінің мүшесі Т.Тоқмамбетов, мәслихат депутаттары Д.Дуйсенгалиев, А.Кульшманов және аудандық бір топ такси жүргізушілері.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Бисенгалиева Жанар Нурболатқызы аудан аумағына қарасты жолдардың күтіп-ұсталуы мен жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша шараларын күшейтуге шақырды.
Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік практика бөлімінің басшысы Ж.Ниталиев 2023 жылы және ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімімен анықталған жол көлік оқиғаларына байланысты баяндамасын оқыды. Баяндамада облыс және аудан бойынша орын алған жол көлік оқиғаларының санын және соның себебінен жарақат алған, қайтыс болған  азаматтардың санына тоқталып өтті.
Сонымен қатар жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында аудандық полиция бөлімімен жүргізіліп жатырған профилактикалық жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатырғанын жеткізді.
Баяндамасын қорытындылай келе такси жүргізушілеріне жол жүру ережесін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және шетелдік тіркеуде тұрған автокөліктермен адам тасымалдауға тыйым салынғандығын, автокөлік құралдарын ЛЭД лампаларын орнатуға болмайтынын жеткізді, ескертуге мән бермеген адамдарға заңды түрде шара қолданылатындығын жеткізді.
Келесі сөз кезектерінде аудандық кірістер басқармасының басшысы Р.Елеусізов қазіргі таңда аудандық кірістер басқармасында 40- астам такси жүргізушілері тіркеуде тұрғанын, кірістер басқармасында тіркеуден өтпей, такси қызметін жүзеге асырып жүрген азаматтарға қызметтерін заңдастыру қажеттігін жеткізді. Алдағы уақытта кірістер басқармасының облыстық полиция департаментімен бірлескен шаралар жүргізітіндігі туралы жеткізді.
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаурашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. М.Губашев ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабық кездерінде жолға шықпауға шақырды. Ауыл ішінде 3 жолаушы таситын қоғамдық автокөлік (газель) бар екенін жеткізді. Дегенмен ауыл тұрғындары такси қызметін жие қолданатының, осыған байланысты жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң сақталуын сұрады.
Қорытындай келе, аудан әкімінің орынбасары С.Галиева жоғарыда мекеме басшылары өз құзыреттері шегінде атқарылған шаралар мен алдағы уақытта жою қажеттігі бар кемшіліктерді атап өткенін, сол бойынша ауыл азаматтарынан жол қауіпсіздігін сақтауға үлкен мән берулерін, бұл жерде мәселе барлық аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін екенің жеткізді.