Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті
Сессия отырысы өтті
 
А.ж. 26 желтоқсан күні тұрақты комиссия отырыстан кейін, Тасқала аудандық мәслихатының үлкен мәжіліс залында кезекті ХVІ–сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Аіtube» тікелей арнасы арқылы жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді. 
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеттің жобасымен таныстырып, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін түсіндіріп, аудандық бюджеттен бөлінетін көлемін айтып өтті.  
Сондай-ақ, баяндамашы ауылдық округтер бойынша бюджеттің шығыс бөлігіндегі 6 нақтылаудың өзгерістерді айтып өтті.
3-ші мәселе бойынша облыста көрсетілген әлеуметтік көмектердің мөлшерін бірдейлендіру мақсатында әрбір мүгедектігі бар балаға  оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін оқу жылы ішінде көрсетілген ай сайынғы әлеуметтік көмекті 3 АЕК мөлшерінен 5 АЕК мөлшеріне дейін ұлғайту туралы аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Махамбетқызы Кентугаева ұсыныс білдірді.
Жалпы Тасқала ауданы бойынша 9 бала тіркелгенін айтты.
Соңғы 4, 5-ші мәселелер бойынша жұмыс тобының орынбасары Тоғжан Шатенова Тасқала аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы жобаларын бекітуге ұсынды.
Барлық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауды ашық дауыс беруді өткізу жолымен және әрбір комиссия құрамына тізім бойынша дауыс беру арқылы өткізілді.
Сессия соңында аудан әкімі Т.Шакиров жылды қорытындылап, сондай-ақ 2023 жылда үлкен жобаларың іске қосылып, ауқымды жұмыстардың басталғанын және ауданымыздың 90-жылдығын өткізуге ат салысқан жаңдарға алғысын білдірді. Сөз соңында бірлігіміз жарасып, еліміздің өркендеуіне және ауданымызды одан әрі дамытуға өз үлесімізді қосуға үндеді.
Сондай–ақ мәдени-экономиқалық дамуына зор үлес қосқан мәслихат депутаттары Мади Хаиров, Замир Сарсенбаев және Орынбасар Утешевке алғыс хаттарын табыстады.