Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін 26 желтоқсан күні мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева жүргізді.
Күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің үш жылдық бюджет, аудандық бюджеттен бөлінетін субвенциялар бойынша мәселе қаралды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2024 жылға арналған ауылдық округтерінің бюджетеріне түскен кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталып, шешімді қолдауды ұсынды.
Сонымен қатар, баяндамашы ауылдық округтер бойынша бюджеттің шығыс бөлігіндегі 6 нақтылаудың өзгерістерді айтып өтті.
3-ші баяндалған мәселеде қатысты аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Махамбетқызы Кентугаева Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы шешіміне енгізілген өзгеріспен тынысып өтті.
БҚО әкімі аппаратының басшысының 2023 жылғы 10 қазандағы №04-10/6478 хатыннегізге ала отырып, облыста көрсетілген әлеуметтік көмектердің мөлшерін бірдейлендіру мақсатында әрбір мүгедектігі бар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін оқу жылы ішінде көрсетілген ай сайынғы әлеуметтік көмекті 3 АЕК мөлшерінен 5 АЕК мөлшеріне дейін ұлғайту туралы ұсыныс білдірді.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрайымы Люция Әсетқызы ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды еске алып, сессияда бекітуге ұсынды.