А.ж. 21 желтоқсан күні тұрақты комиссия отырыстан кейін, Тасқала аудандық мәслихатының үлкен мәжіліс залында кезекті ХV –сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Аіtube» тікелей арнасы арқылы жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді.
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасымен таныстырып, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін түсіндіріп, облыстық және республиқалық бюджеттен бөлінетін траснфертердін көлемін айтып өтті.
2-ші мәселе бойынша депутаттар Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім жобасын бекітті.
Келесі мәселе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Кентугаева Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзерістер енгізу туралы шешім жобасымен таныстырды.
«Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы шешім жобасымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова баяндады.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша мәслихат депутаттарымен бірауыздан бекітілді.
Аудн әкімі Т.Шакиров сессия соңында ауданымыздың әлеуметтік-экономиқалық дамуына зор үлес қосқан бір топ аудандық депутаттарына, «Тасқала ауданының құрылғанына 90-жыл» меретойлық медальдарын пен алғыс хаттарын табыс етті.