Мәслихат төрағасы есеп берді

Мәслихат төрағасы есеп берді

Мәслихат төрағасы есеп берді


А.ж.12 желтоқсан күні аудан әкімі Талғат Асқарұлы және аудандық мәслихаттың төрағасы Жанар Нұрболатқызы жұмыс сапарымен Мереке және Шежін ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Кездесулерде ауыл әкімдері өткен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы ақпарат ұсынып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ауыл әкімдерінен кейін сөз алған аудан басшысы Талғат Асқарұлы аудан көлемінде жарық мәселесін шешу, жол жөндеу, әлеуметтік нысандарды жөндеу бағытында атқарылып жатырған жұмыстары туралы айтып өтті.
Өз кезегінде мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева өз есебінде жалпы аудандық мәслихаттың қызметіне, мәслихат депутаттарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Барлық депутаттар күнделікті өз қызметінде, ай сайын өткізетін қоғамдық қабылдауларда тұрғындардың көтерген немесе өзге де шешімі тез арада табылмай жатырған маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап тұратындығын жеткізді. 2023 жылдан наурыз айынан бастап бері бүгінгі күнге аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия мен сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат берді.
Кездесулерде тұрғындар көшелерді жарықтандыру, бұралқы иттер, жол жөндеу секілді мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Аудан әкімі және құзыретті мекеме басшылары тиісті жауаптарын беріп, әр мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.