
Тасқала аудандық мәслихат депутаттары біліктілігін арттырды
14-16 қарашасында жоспарланған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» оқыту семинарында депутаттар жаңа сын-қатерлер жағдайында тиімді қызмет ету үшін кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.
Академияның БҚО бойынша филиалында мәслихат депутаттарына арналған модульдік оқыту өтті. Оқыту барысында депутаттарға іс жүзінде қажетті дағдылар мен құзыреттерді меңгеруді, атап айтсақ заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, әлеуметтік медиадағы коммуникациялық менеджмент мәселелерін және т.б. сұрақтарды қарастырды.
Бұл оқыту депуттаттық қызметімізді тиімді атқаруға және құқықтық, бюджеттік заңнама тұрғысынан шешім қабылдауға септігін тигізері сөзсіз-деді депутаттар.