Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысына кеңес мүшелері, аудан әкімі Шакиров Талғат Асқарұлы, Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары И.Шуюншкалиев, Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Алғадай қатысты.

            Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары И.Шуюншкалиев «Тасқала ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен 2023 жылы 10 ай ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтын жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша» бірқатар жұмыстар атқарылатының мәлімдеді.  

2-ші сұрақ бойынша Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Алғадай  Тасқала ауылын абаттандыру жұмыстарын мониторингілеу бойынша есебімен тыныстырды.

            Қеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарына пікірлер мен ұсыныстарды талқыланып, тиісінше толық әрі нақты жауаптар алынып, бірауыздан келісім берді.