
Тұрақты комиссия отырысы өтті
А.ж. 10 қараша күні аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XIII-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелері қаралды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова 1-ші мәселе бойынша «БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндап өтті.
Бюджеттің шығыс бөлігіндегі өзгерістерді, атап айтқанда республикалық бюджеттен -105388 сомаға және облыстық бюджеттен -214 794 теңге сомаға даму трансферттерінің азайғанын атап өтті. Сондай-ақ, 2023 жылға арналған әкімшілері бойынша қосымша өтінімдер тыңдалды.
2-ші мәселе бойынша «Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуға тарту бойынша атақарылған жұмыстары туралы» есебімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Кентугаева баяндады. Жалпы аудан бойынша 3628 жас тіркеліп, 161 жұмыссыз және соңғы екі жылда белсенді жұмыспен қамту шараларына 1100 адам тартылды. Жастардың жеке кәсіпкерлікпен айналысуы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грантты биыл 14 адамға берілгенің атап өтті.
3-мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова «Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келесім беру туралы» шешім жобасымен таныстырды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы С.Аманбаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.