Тасқала аудандық колледжінің кейбір мәселері бойынша кездесу ұйымдастырылды

Тасқала аудандық колледжінің кейбір мәселері бойынша кездесу ұйымдастырылды
Тасқала аудандық колледжінің кейбір мәселері бойынша кездесу ұйымдастырылды.
 
Бүгін 8 қараша күні аудандық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева, мәслихат депутаты, аудандық «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Л.Жұбанышқалиева, «Amanat» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Г.Турганалиев аудандық колледжінің кейбір мәселері бойынша аталған мекеме басшысымен және ұстаздарымен кездесті.
Себебі ағымдағы жылдың қазан айында ауданымызға бір топ облыстық мәслихат депутаттары келіп, аудан көлемінде салынып жатырған жол құрылысы барысымен танысып, сондай-ақ материалдық-техникалық жағдайымен танысу мақсатында осы аудандық колледж ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарымен бас қосқан болатын.
Бас қосуда колледж директоры Д.Дуйсенгалиев өз баяндауына аталған мекеменің қазіргі жай күйін, жалпы орын алып отырған мәселелерге тоқталып өтті.
Облыстық мәслихат депутаттыры аталып өткен мәселелерді қолдады. Сонымен қатар облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев аталған мәселелерді облыс көлемінде тұрақты комиссия отырысында көтеру үшін ұсыныс беруді сұраған болатын.
Өзіміз білетіндей бұл колледж ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Онымен қатар қазіргі таңда колледжге окуға келетін студенттердің аздығы. Оқуды бітірген жағдайдада да, білім алған мамандығы бойынша жұмыс жасамайтындығына атап өткен жөн.
Осы мәселені шешу мақсатында жиында депутаттар тарабынан көптеген ұсыныстар айтылған болатын. Ол жерде мысалы ауыл шарушылығы саласына түбегейлі өзгерістердің, жаңа мемлекеттік бағдарламалардың қажет екенің айтты. Мысалы, кеңес үкіметі кезіндегідей ауылшаруашылығы қызметкерлерін еңбек демалысына ерте шығаруды, соңымен қатар аудандық бюджет қаражатынан грат бөлу мәселесі, көтерме жәрдемақы беру , тағыда басқа ұсыныстар аталып өтті.
Дегенмен бүгінгі кездесу жоғарыда аталған мәселе, ұсыныстарды толықтыру мақсатында, колледж ұстаздарымен тікелей байланыс орнату болып табылады.