Бүгін 6 қараша партиялық бекет төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жанар Бисенғалиева "AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Г.Тұрганалиевтың қатысуымен
«Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында 320 көрермен орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенің құрылыс барысымен танысып шықты.
Жобалаушы ұйым «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС (Орал қаласы). Бас
мердігер мекемесі «QS Capital Construction» ЖШС (Ақсай қаласы).
Құрылыс-монтаж жұмыстары шілде айында басталды.
Құрылыстың мерзімі
жоба бойынша – 14 ай. Жобаның жалпы құны 1 245 889,0 мың теңге.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы 2024 жылға жоспарлануда.
Қазіргі таңда ғимараттың бірінші қабаты мен үлкен залдың
қабырғалары тастармен қалау, темір конструкцияларды монтаждау
жұмыстары жүріп жатыр.
Кәріз жүйесін орналастыру, сыртқы инженерлік желілерді құрылыс
алаңына тарту жұмыстары және ғимараттың айналасын жарықтандыру
жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, әңгімелесу барысында комиссия мүшелері еңбекақыны тұрақты төлеу, еңбек жағдайын жасауға қатысты мәселелерді көтерді.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан үнемі бақылау шаралары ұйымдастырылып отыратын болады.