Тасқала ауданы бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Тасқала аудандық мәслихатының хабарламасы

Тасқала ауданы бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Тасқала аудандық мәслихатының хабарламасы

Тасқала ауданы бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Тасқала аудандық мәслихатының хабарламасы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты Тасқала ауданы бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру басталғанын хабарлайды.

2023 жылғы 9 қараша күнінен 30 қараша күніне дейін әрбір саяси партия аудандық (аумақтық) және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына әрқайсысына бiр кандидатурадан ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Ұсынылған кандидатуралар бойынша аудандық мәслихатқа келесі құжаттар жіберіледі:

1) тиісті сайлау комиссиясы құрамына кандидатты ұсыну туралы жарғысына сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер органының, олардың құрылымдық бөлімшерінің отырыс ХАТТАМАСЫНАН көшірме;

2 саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісетіні туралы ӨТІНІШІ;

4) құжаттарды толтыру кезінде сауалнамалық деректерде қателерді жібермеу мақсатында ұсынылған кандидатуралардың өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса беруі сұралады.

Аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясына құрамына үміткерлердің құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №129/624 Қаулысымен бекітілген Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Ұсыныстар сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі 23 үй, 206 кабинет.

Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты - аудандық мәслихат аппаратының басшысы Шатенова Тоғжан Сансызбайқызы, байланыс телефоны: 22-3-25, 21-0-97.

Тасқала ауданы бойынша мына сайлау комиссиялары жаңа құрамда қалыптастырылады:

  1. Тасқала аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясы-7 орын. Мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы.
  2. Учаскелік сайлау комиссиялары – 22:

№324 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Ақтау ауылы;

№325 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Беленький ауылы;

№327 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Амангелді ауылы;

№328 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: І-Шежін ауылы;

№329 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Тасқала ауылы;

№330 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Тасқала ауылы;

№331 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Тасқала ауылы;

№332 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын,  мекен-жайы: Тасқала ауылы;

№333 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Тасқала ауылы

№334 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Бірлік ауылы;

№335 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Мереке ауылы;

№336 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Достық ауылы;

№337 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Бастау ауылы;

№338 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Ынтымақ ауылы;

№339 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Атамекен ауылы;

№340 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Қалмақшабын ауылы;

№341 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: Оян ауылы;

№342 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Кеңжайлау ауылы;

№343 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Мерей ауылы;

№344 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Айнабұлақ ауылы;

№346 учаскелік сайлау комиссиясы- 5 орын, мекен-жайы: Тоғайлы ауылы;

№347 учаскелік сайлау комиссиясы- 7 орын, мекен-жайы: ІІ-Шежін ауылы.

 

Жоғарда аталған мерзім аяқталған уақытта саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат ағымдағы жылғы 8 желтоқсан күніне дейін сайлау комиссияларына өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарын  қабылдайды.

Ескерту:

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

 Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

Тасқала аудандық мәслихаты