
18 қазан партиялық бекет төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жанар Бисенғалиева "AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан , Тасқала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асхат Ибраевтың қатысуымен Тасқала ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылын сумен жабдықтау желілерін салу жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары барысымен танысты.
Құрылыс жұмысы 2023 жылдың 14 сәуірінде басталды. Құрылыстың жоба бойынша мерзімі 9 ай. Бас мердігер мекеме 7 желтоқсан 2022 жылғы №38 келісім шарт негізінде «Life Stroy Invest» ЖШС (Қарағанды қаласы), сонымен қатар бас мердігер тарапынан қосалқы мердігер мекемесі бар «KazConstructionGroup» ЖШС (Орал қаласы), техникалық қадағалаушы мекеме 14 қараша 2022 жылғы №32 келісім шарт негізінде «Инжиниринговая компания «Лидер» ЖШС (Астана қаласы), авторлық қадағалаушы мекеме 29 қараша 2022 жылғы №35 келісім шарт негізінде «STROYCONSALTING» ЖШС (Орал қаласы). Жобаның жалпы құны – 413 380,33 мың теңге. Қазіргі таңда ауыл ішілік су құбырлары толығымен өткізілген, құбыр 100% салынған және жоба бойынша барлық су құдығы орнатылған. Сонымен қатар №2 су қоймасының қабырғалары және су мұнараның ірге тасы құйылған. №1, №2 сорғы станциялары бойынша электр желілерін тарту және қоршау жұмыстары, ғимараттың (операторный) құрылыс-монтаждау жұмыстары, №1 және №2 сорғы станциялары арасындағы қысымды су құбырын салу жұмыстары орындалған. Тасқала ауылына қарай баратын су құбыры өткізілген. Қазіргі таңда №2 сорғы станциясының алаңында су мұңарасын (водонапорная башня) монтаждау жұмыстары мен су қоймасының қабырғаларын топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың орындалу пайыздық көрсеткіші – 80%.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы 2023 жылдың қараша айына жоспарлануда.
#мониторинг