
"Ақ тілеу"-ақ әжелер ансамбілі
Таңдайға татитұғын бал сандығы
Бәйгенің айтұяғын алып келер
Жүйріктер жарысына салсаң мұны
Қ. Мырза Әлі
"Ардагерлерді ардақтайық" партия жобасы, "Мейірбандық күндері" айлығы және Тасқала ауданының 90- жылдық меретойы аясында Тасқала ауданының Құрметті азаматы Ильжанова Айсұлу Молдашқызының шаңырағына маслихат төрағасы Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызымен барып қайттық.
Ата дәстүр- салтымызда бір әдемі үлгі бар. Ол үлгі- ақсақал аталарын, ақ жауылықты әжелерін қадір тұтып, үлкеннің алдын қиып өтпей, өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізіп отыру. Осы үрдістің жалғасын ауданымызда "Ақ тілеу" халықтық әжелер ансамбілінен көруге болады. 30 жылдан астам жетекшісі болған тума талант, дархан дарын, мейірімді әже Ильжанова Айсұлу Молдашқызының еңбегі ерекше екені сөзсіз!! Айсұлу апа шебер ұйымдастыруымен ансамбілдің жұмысын жаңғыртып, шығармашылық шыңдалуын, үлкен ізденістердің арқасында өнер ұжымының келісті келбетін көрсете білді.
Ауданының дамуына сіңірген еңбегі үшін алғысымызды жеткізіп, Айсұлу Молдашқызы "Тасқала ауданының құрылғанына 90 жыл" меретойлық төсбелгісімен марапатталды. Құтты болсын!! Аман болыңыз, ел анасы!!