
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Тасқала ауданында
А.ж. 12 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Тасқала ауданында болып, бірқатар жұмыстардың барысымен танысып, аудан депутаттарымен кездесті.
Ең алдымен, Ақтау мен Оян ауылдарын жалғайтын тас жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер «Асфа» компаниясы болып табылады.
Тасқала ауданы Ақтау-Оян тас жолының жобалық сметалық құжаттамасы АНТ жобасына сәйкес орындалып жатқанын анықтады. Аталған жоба топырақты жабынды жолға сәйкес келмейтінін, алдағы уақытта осындай жоба бойынша жол құрылыстарын тоқтату бойынша ұсыныс берілді.
Сондай-ақ, Тасқала - Аққурай бағытындағы тас жолын қарау барысында жол жабындысының сапасыз салынғаны анықталды.
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ә. Қабенова, аталған жол учаскелері бойынша жол салушы мердігер компанияны сотқа беру арқылы салынған жолды сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғанан жеткізді.
Облыстық мәслихат депутаты М.Мұқаев мердігер компания басшыларына жолды сапалы салу керектігін қатаң ескертіп, бұның соңы тексеріс кезінде компанияның өздеріне қиын болатынындығын жеткізді.
Іс- сапар облыстық мәслихат депутаты, «Лайгэ» ЖШС директоры Н. Жұмашевтың мал бордақылау базасы негізінде шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесумен жалғасты. Кейін Тасқала аудандық мәслихаты депутаттарымен бірлесіп, Тасқала аудандық техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген колледж бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының орынбасары Б. Насимуллинге аудандардағы колледждердің жай-күйін айқындау мақсатында толық талдау жасап, аталған оқу орындарында қалыптасқан мәселелерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар беру тапсырылды.
Іс- сапар соңында аудан сайлаушылармен көтерілген проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.