
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Тұрмағамбетов, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. А.Аубекеров, Тасқала ауданының сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы А.Ибраев қатысты.
Күн тәртібіндегі «Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс» және «Тасқала аудандық жер қатынастары» бөлімдерінің «Мемлекеттік қызметтер туралы, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бағытындағы» есептері тыңдалды.
Қеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарына пікірлер мен ұсыныстарды талқыланып, тиісінше толық әрі нақты жауаптар алынды.
Кенес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірауыздан келісім берді.