Тасқала ауданының 90 жылдығына арналған «Үздік аула - 2023» байқауын өткізу Ережесі

Тасқала ауданының 90 жылдығына арналған «Үздік аула - 2023» байқауын өткізу Ережесі
Тасқала ауданының 90 жылдығына арналған
«Үздік аула - 2023» байқауын өткізу
Ережесі
 
1. Жалпы ережелер
1. Тасқала ауданының 90 жылдығына арналған «Үздік аула» номинация бойынша байқауды өткізудің осы тәртібі байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген байқау талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу ретін, жеңімпаздарды марапаттау түрін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.
2. «Үздік аула-2023» байқауы ауданда өткізілетін «Үздік ауылдық округ» байқауымен қатар өткізіледі.
3. Байқауға Тасқала ауданының барлық округінің азаматтары қатыса алады. Қарауға жеке де, ұжымдық та тапсырыстар қабылданады.
2. Байқау мақсаттары
- Тасқала ауданын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық
жағдайын жақсарту;
- Азаматтар арасында эстетикалық мәдениет қалыптастыру;
- Тұрғындарды үйлерінің, аулаларының аумағын абаттандыру іс-
шараларына тарту;
- Аулалар аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту;
- Аудан халқын мал мен құс ұстауға ынталандыру.
3. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
Байқауды ұйымдастыру, өткізу және нәтижелерін «Үздік ауылдық округ» байқауын ұйымдастыру жөніндегі комиссия қарайды (әрі қарай - Комиссия).
Комиссияның ең жоғары бағасы – 50 балл және ең төмен бағасы – 10 балл.
4. Конкурсты өткізу тәртібі
«Үздік аула - 2023» атағы келесі жағдайлар орындалған жағдайда және байқаудың комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жоғары бағасын алған азамат алады:
1) Ауланың ішінің және сыртының санитарлық тазалығы, қоқыс-ластың болмауы;
2) Аула абаттандырылған, гүлзар отырғызылған, жарықтандырылған болуы;
3) Үйдің сырты, шарбақ профлистпен қапталған, эстетикалық тартымды, ақталған немесе сырланған, үйдің нөмірі жазылған болуы;
4) Мал және үй құсын ұстауы;
5) Қораның сыртының санитарлық тазалығы болуы.
«Үздік аула-2023» номинация бойынша байқауға қатысушылар келесі құжаттарды ұсынады:
үйдің, орналасқан мекенжайы мен ерекшелігі, байқаудың мақсаттары мен міндеттері және қойылған талаптарына сәйкес қысқаша сипаттамасы көрсетілген еркін үлгіде өтінім;
растайтын фото және/немесе бейне материалдар.
Байқаудың фото-бейне материалдар қағаз немесе электронды түрде тапсырыла алады. Электронды түрдегі материалдар taskala.maslihat@mail.kz поштасына жіберіледі.
Фотоальбом немесе басқа ақпараттық материалдар дайындауды қатысушы өз еркімен жасай алады.
5. Байқауды өткізу және оның қорытындыларын шығару мерзімі
Байқауға құжаттар қабылдау мерзімі қосымша хабарланатын болады.
Комиссия мүшелері конкурстық материалдар тапсырған қатысушының үй-жайын тексеру үшін барып қарайды және осы Ереженің қосымшасымен бекітілген бағалау парағын толтырады.
Байқау нәтижесі Тасқала аудандық Әкімдігінің, Тасқала аудандық мәслихатының фейсбук парақшаларында, сайтта және «Екпін» газеті бетінде жарияланады.
Байқау нәтижесінде I, II және III орын беріледі. Ең көп балл жинаған аула жеңімпаз деп танылады. Байқауға қатысушылардың баллдары тең болған жағдайда конкурс комиссиясының мүшелері жеңімпазды дауыс беру арқылы айқындайды. Комиссия хатшысы дауыс бермейді.
Байқау нәтижесі бойынша алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.