
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Т.Шакиров, аудан әкімдігі аппарат басшысының м.а. А.Ибраева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Э.Аменова, «Азаматтарға арнаған үкімет корпорациясы» МЕ КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Тасқала аудандық бөлімінің басшысы Т.Каймашев және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Нуретова және БАҚ өкілі қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімдігі аппарат басшысының м.а. А.Ибраева Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы қаулы жобасын баяндап, кеңес мүшелеріне ұсынды.
Келесі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Э.Аменова Тасқала ауданы әкімдігінің «Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2022 жылы 5 желтоқсандағы №217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобасымен таңыстырды.
Одан соң «Азаматтарға арнаған үкімет корпорациясы» МЕ КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Тасқала аудандық бөлімінің басшысы Т.Каймашев бөлімінің техниқалық құжат дайындау, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжыматын мүлікке құқықтарды тіркеу, сәйкестендіру құжатын дайындау салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты есебін ұсынды. Қеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарына пікірлер мен ұсыныстарды талқыланып, тиісінше толық әрі нақты жауаптар алынды.
Содай кейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Нуретова Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бойынша есебін баяндады.
Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (келесі ӘМАТ) бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және қадағалау мақсатында апта сайын мониторинг өткізілуде. ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудандық жеке кәсіпкерлерімен 10 меморандум жасалынып, 15 % сауда үстемесінің сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыратынын атап өтті.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірауыздан келісім берді.