
Аудандық мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарыңың алдына ақпарат берді.
А.ж. 25 шілде күні «Самғау» коворкинг орталығында ауыл тұрғындарыңың сұрау бойынша аудандық мәслихат депутаттары ақпарат берді.
Кездесуге «AMANAT» партиясының мүшелері Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Н.Жұмашев, аудандық мәслихат депутаттары Л.Жұбанышқалиева,«Ауыл» партиясынан З.Сарсенбаев,«Ақ жол» партиясынан А.Кульшманов және мекеме басшылары қатысты.
Алдымен мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева аудандық мәслихат қызметінің мәліметін ұсынып, 8 шақырылымының депутаттардың санын, қайсы партиядан ұсынылғаның, жұмыс саласы бойынша депутаттық корпус құрамымен таңыстырды. Жалпы аудандық мәслихат қызметіне, депутаттармен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Барлық депутаттар күнделікті өз қызметінде, ай сайын өткізетін қоғамдық қабылдауларда тұрғындардың көтерген немесе өзге де шешім тез арада табылмай жатырған маңызды мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдап тұратындығын жеткізді.
Одан соң аудандық мәслихат депутаттары З.Сарсенбаев пен А.Кульшманов өздерінің жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, туындаған мәселелер бойынша ақпарат ұсынды.
Кездесуде жастар жол, ауыз су, жарық мәселесі, модернизацияға жататын көп қабатты үйлер бойынша, Деркөл өзеннің тазарту бойынша бірқатар мәселе көтерді.
Аудан электр желісінің басшысы Б.Юсупов пен аудандық ТҮКШЖКжАЖ бөлімінің басшысы А.Ташимов өздеріне қатысты қойылған сұрақтарына ақпарат ұсынып, жауаптарын жеткізді.
Бүгінгі кездесуде жастардың атынан түскен сұрақтар мен ұсыныстарды депутаттар назарына алып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтындығы туралы айтты.